Тұлға • Бүгін, 18:27

Аман Төлеевтің  жұбайы қазақстандықтарға алғыс айтты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен аптада Ресей астанасында Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман – «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өткені, оған 22 елдің елшіліктерінінің өкілдіктері, оның ішінде Қазақстанның  Мәскеудегі «Тағдыр қиылысында елшілігінің қызметкерлері қатысқаны хабарланған болатын.  Осыған дейін Аман Төлеев жайлы бірнеше мемуарлық көркем шығарма жазған автор Глеб Стафеев бұл жолы атақты жерлесіміздің өмірінің бізге белгісіз қырлары, ата-тегіне, өмір тарихы туралы қалам тартқан, деп жазады Egemen.kz.

Аман Төлеевтің  жұбайы қазақстандықтарға алғыс айтты

Кітаптың таныстырылымынан кейін Аман Төлеевтің жұбайы Эльвира Төлеевадан біздің атамызға хат келіп түсті.

Онда қазақстандықтардың, қазақтардың жұбайына деген ықыласына ш«Тағдыр қиылысында ексіз риза екенін, қазақ елінде Төлеевке  қатысты әрбір шара, конференцияны сырттай бақылап отыратынын айтыпты.

Аман Төлеев жайлы сиясы кеппеген кітаптың авторы Глеб Стафеевтің  Аман  ағаның барлық кезде жанынан табылғанын, аға жайлы қалың оқырманға белгісіз деректер де Глебтің архивінен табылатынын да тілге тиек етіп өтіпті.

«Бұл кітаптың таныстырылымы Мәскеуде өтті. Оған 46 елдің өкілдерімен бірге Қазақстанның да елшілігінің өкілдері, біздің балаларымыз бен немерелеріміз қатысты.  Жұбайым көзі тірісінде Қазақстанға, Ақтауға, Бекет атаның басына баруды армандап кетті. Бұл жолы кітап түрінде болса да Төлеевтің арманы орындалады, шығармасы қазақ даласына жетеді деп үміттенемін.  Глеб Стафеевтің Аман Төлеев жайлы жазған жаңа романы Қазақстанда жарияланса, Аман Төлеевтің бейнесін жүрегіне құндақтап алған қазақстандықтарға атақты жерлестері жайлы тың мәліметтермен танысады деп үміттенемін» деп жазыпты   Эльвира Төлеева.